№001 марапат: Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа медаль тапсырылды
2019 ж. 31 шілде
3162
4
Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін марапат алды, - деп жазды sputniknews.kz.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мәліметінше, жоғары кәсіподақ марапатын құру туралы шешімді Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы орталық комитетінің президиумы қабылдаған.
"Кәсіподақ қозғалысын дамытуға, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін және кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің "Кәсіподақ қайраткері" №001 медалімен марапаттау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Кәсіподақ марапаты Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековке тапсырылды.