АҚ ЖОЛ – АЛАШТЫҢ АРМАНЫ

2
1771

Халқымызда ежелден қалған «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген келелі сөз бар. Бұл ғаламда тоқсан тоғыз тарау жол оңымыздан да, солымыздан да айналып өтіп жатады. Соның ішінде мақсатқа жеткізетіні біреу, оның талабы кіммен жолдас болғаныңда…
Ортақ Отанымыз – Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын үлкен жетістіктермен қарсы алды. Осы жылдар ішінде Қазақ елі сан ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары біріккен, ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеу үстіндегі Еуразия кеңістігіндегі іргелі мемлекеттердің біріне айналды.

Мүдделер үндестігі

 

Ө

ткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы саяси және экономикалық дағдарыстан да, күні кеше әлемді дүр сілкіндірген қаржы дағдарысынан да қиналмай шықты. Тәуелсіздіктің 20 жылы Қазақ елі үшін ғасырлардан да артық армандар белесі болды. Бұл кезеңде атқарылған жұмыстар көп. Оны көрмеу де, мойындамау да мүмкін емес. Бірақ алда тұрған міндеттер одан да зор еді.

Сарапшылардың айтуынша, алдымызда әлемдік қаржы дағдарысының екінші кезеңі тұр. Ол – Тәуелсіз Қазақстан әрбір азамат үшін зор жауапкершілік жүктейтін сын сағаты. Оны жеңу үшін барша қазақстандықтар Елбасымыздың сындарлы саясатымен қарулана отырып, бір Тудың астына бас қосуға тиіс. «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы осы Туды көтеріп алға шықты. Елім-жұртым деген азаматтар лек-легімен келіп, «АҚ ЖОЛҒА» қосылып жатты. Солардың бірі – Жамбыл Гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры Жомарт Қасымханұлы Қошқаров еді.

Жомарт Қошқаров өз өмірінің таңдауын жасап, бүкіл өмірін білім саласын ұйымдастыруға, жоғарғы білім жолын дамытуға бағыттағанда 27 жастағы жігіт екен. Ол 1997 жылы ең алғашқылардың қатарында болып, Тараз қаласында мемлекеттік емес «Әулиеата» университетінің негізін қалады. Орта және арнаулы білім беретін «Парасат» колледжін ашты. Қазір «Әулиеата» университеті кемеліне келіп, Жамбыл гуманитарлық-техникалық универсиеті болып қайта құрылды. Қазір мұнда 27 мамандық бойынша 8 мың білімгер білім алуда. Ал «Парасат» колледжінің тек күндізгі бөлім білімгерлерінің өзі 1000 адамға жетті. Бұл оқу орындарында бүгінгі таңда 300 оқытушы, 30-дан астам ғылым докторлары мен профессорлар, 150  ғылым кандидаты мен магистрлер жұмыс істейді. Өткен 15 жыл ішінде Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде 12 мың, «Парасат» колледжінде арнаулы орта білімді 6 мың маман даярланып, өмірге жолдама алған екен. ЖГТУ мен «Парасат» колледжі республикадағы мемлекеттік емес жоғары және ар­наулы орта білім беру меке­ме­лерінің алдыңғы сапына шықты.

Елімізде «2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағытта алға қойған мақсаттарға жету, өркениеттің даму тынысымен үндесіп отыру үшін ең алдымен электрондық ақпараттар жүйесіне толыққанды қосылуды қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр. Оған өскелең ұрпақты дайындаудың басты шарты – білім беру саласына электрондық оқыту әдісін кеңінен енгізу. Сол үшін Қазақстан Үкіметі «Қазақстан республикасының 2011–2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. Жамбыл облысында оны іс-жүзіне асыру шараларын жоспарлауда екі мәселеге баса назар аударылды: Біріншісі – облыс орталығында электронды планшеттер шығаратын зауыт салу болса, екіншісі – аталған зауытты іске қосу мен электрондық оқыту жүйесін меңгерген мамандар даярлайтын білім ордасын ашу.

Жомарт Қошқаров басшылық ететін ЖГТУ облыс әкімдігінің бастамасына  өз үнін қосып, Тараз қаласында қазақстандық IT-технологиялар колледжін ашу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры және «Зерде» ұлттық холдингімен бірге инвестор болып кірді. Қазір жергілікті атқару органдарының көмегімен аталған колледжге қажетті ғимараттар мен басқа да мәселелер шешімін тапты. Жаңа заман талабына сай қолға алынған қазақстандық IT-технологиялар колледжі биыл іске қосылатын болады. Аталған колледжге жаңадан 56-60 жоғары білікті мамандар мен ғалымдар жұмысқа тартылып,  жыл сайын 650-700 білімгер ең соңғы үлгідегі электрондық оқу құралдарымен, оны өмірге кеңінен енгізу мамандықтары бойынша білім алатын болады. Олардың ішінде үздік оқыған 30 білімгерге «Назарбаев университетіне» жолдама беру жоспарлануда.

Әлбетте, мұның бәрін бір топ іскер азаматтардың бизнесі деп қарауға да болады. Ал Жомарт Қошқаров басшылық жасап отырған университеттің ішкі өмірімен терең таныса бастағанда, бұл жерде жеке мүдделерден гөрі ұлттық мақсаттардың биік тұрғанын көрмеу мүмкін емес. Жыл сайын әке-шешелерінен айырылған 20-30 білімгер университет есебінен тегін оқытылса, оқу үздіктері мен қоғамдық белсенді, ерекше дарынды 300 білімгерге 10 пайыздан 100 пайызға дейін жеңілдіктер берілген. Оқу орны ең соңғы білім беру құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Университет қаладағы «Ұлан» балалар үйі мен қарттар үйін өз қамқорлығына алған.

Біз тек ішінара атап өткен мысалдарға қарап отырсаңыз, осылардың барлығы «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының саяси бағдарламасымен, ұстанымымен астасып жатқанын бірден көруге болады. Бұл, шын мәнінде, мүдделер үндестігі еді. Жомарт Қошқаров ол үндестікті өзі қатарлы сан мыңдаған азаматтар секілді «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясынан тапты.

 

Айқын мақсат

 

О

танға адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы. Біздің түсінігімізше, сайлау – солардың арасындағы «Отаныма қалай көп қызмет ете аламын» деген бәсеке, тартыс. Дегенмен, бұл тартыс өзін-өзі өмірде дәлелдеген, іскерлігі мен қабілетін халық жолында жұмсай білген азаматтардың ісі.

Қазір қоғамда азаматтардың бір тобы пайда болды. Осыған дейінгі жұмыс істеп тұрған парламентті «жаңа саяси реформаларға тұсау болып жатыр» деп оңынан да, солынан да сынады. Енді парламент таратылып, жаңа сайлау жарияланып еді, оларға ауа райынан бастап, жапалақтап жауған қар мен үп еткен желге дейін сылтау табуларына желеу болуда… Кезектен тыс сайлау өтетінінен кінә іздеу шындыққа жанаспасы анық. Кез келген партия кез келген уақытта сайлау мен саяси додаға дайын тұруға тиіс. Бұл – саясат заңы. Жаңадан өтетін сайлауға сақадай сай тұрған партиялардың бірі әрі бірегейі – «АҚ ЖОЛ» болды. Ол тағы да халық үшін ізгі істерін ұйымдастырып, оларды бір мақсатқа топтастыруда өздеріне күннің райы да, мерзімнің шектілігі де кесірін тигізе алмайтынын істерімен дәлелдеп шықты. Өйткені, ортақ Отанымызды өркендетуге біз үлес қоспасақ, біз алдыңғы сапта тұрып, халықтық мүдделерді Ту етпесек, оны кім өркендетеді, кім көркейтеді, кім қоғамдағы барша жауапкершілікті өз мойнына алады?!  Сол үшін – «АҚ ЖОЛ» туының астына біріккен ұлтымыздың абзал азаматтары депутаттыққа өз үміткерлерін ұсынды. Олардың әрбірін терең зерттеп қарасаңыз, қоғамдағы өз орнын азаматтықтарымен, іскерліктерімен, ілкім­ді­лік­терімен, отансүйгіш­тік­терімен дәлелдеп шыққан азаматтар.

Алғашқы лепте жамбылдық партияластары арасында аты өңірімізге, ғылыми ортаға танымал Жомарт Қасымханұлы Қошқаровтың кандидатурасын да Мәжіліске ұсыну туралы бастамалар болды. Бірақ ол өз таңдауын Жамбыл облыстық мәслихатына жасады. «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы оның кандидатурасын № 6 Сейфуллин сайлау округінен Жамбыл облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат етіп ұсынды. Бұл, негізінен, әлі де болса түйткілді мәселелері түйінделіп жатқан, қаланың шет аймақтарын қамититын сайлау округі болып табылады.

Партияластары Жомарт Қасымханұлына ортақ партия­лық бағдарламасындағы мынадай міндеттерді жүктеді.

1. Жұмыссыздықты жою, әлеуметтік әділеттілік және халық табыстарын жоғарылату;

2. Көпшілікке қолжетімді тұрғын үй;

3. Қолжетімді және мейірімді медициналық көмек;

4. Заманауи және сапалы білім беру;

5. Заманауи өндірістік экономиканы құру, бизнеске жасалатын қысымды төмендету және кәсіпкерлікке көпшілік сипат беру;

6. Ірі қалаларға ғана емес, ауыл мен аймақтарға да – лайықты тұрмыс;

7. Биліктің қоғам алдындағы ашық айқындығы және есеп беріп отыруы;

8. Қазақстанның өркендеу жолындағы рухани-мәдени салаларының дамуы;

9. Жемқорлықпен күрес және сот-құқықтық реформа;

10. Әр адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экстремизм мен лаңкестікке жол бермеу;

11. Жастар – еліміздің  және ұлтымыздың тірегі. Жастар қозғалысының қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып, Облыс әкімдігі мен өнеркәсіптердің қолдауымен жастарды спортпен, туризммен айналысуға тарту, салауатты өмір сүруді насихаттау; жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу;

12. Гендерлік саясат және ана мен бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

13. Қарттарға қамқорлықты барынша арттыру және зейнетақыларының үдемелі түрде артуына ықпал ету;

14. Мектепке дейінгі тәрбие әрбір қазақстандық отбасыға.

Бұл көрсетілген мақсаттардың барлығы да – «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыт-бағамдары. Ол мақсаттар тек жоғарғы деңгейде ғана емес, жергілікті өкілетті органдарда да қолдау тауып, қорғалуға тиіс.

Сайлауалды үгіт-насихат барысы мен кездесулер қазірдің өзінде де – «АҚ ЖОЛ» партиясының бұл ұстанымын ерекше ынтамен қабылдайтынын көрсетті. Өйткені, іргесі берік үйдің ғана еңсесі биік. Қоғамның іргесі жергілікті өкілетті орган болып табылатын – облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар.

 

Ақ тілек

 

«А

Қ ЖОЛ» пар­тия­сының бұл ұстанымы, ілкімді азаматтарды жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа ұсынуы оларға деген халықтың сенімін күшейтті. Біз өз атымыздан, ЖОЛЫҢ АҚ БОЛСЫН, «АҚ ЖОЛ!» дейміз. Егер әр аймақтарда, облыстарда өзінің адамгершілігімен, іскерлігімен, отаншылдығымен танымал болған Жомарт Қасымханұлы Қошқаров секілді азаматтар жергілікті мәсли­хаттарға депутаттыққа сайланып жатса, онда Сіздердің мақ­сат­­тарыңыз орындалатынына, қоғамымыздың «айшықты өзгеріс­термен – алға өрлейтініне» сенеміз.

 

Әбдікәрім ӘБДІҚАЙЫМҰЛЫ

 

                                                                                                                                                                                                                                           Тараз қаласы 

 

 

2 ПІКІРЛЕР

  1. сайлау алдында бұл «ұлтшылдар» ақжолға жарнама жасап, ақжолдың парламентке өтуіне бір кісідей үлесін қосқан. Сосын қара қазақтың абыройын пайдаланып, шала қазақтар парламентке өткен. Сол кезде ойбай бізді алдап кетті деп зар илеген. біз сенгенбіз оларға. енді келіп қайта ақжолдың жарнамасын жасап, қазаққа жат «зікіршілердің» сойылын соғып жүр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз