«АҚ ЖОЛ» бұрынғы «азаттықтарды» өз қатарына қабылдады

Бұл бірінші рет болып жатқан жағдай емес, бұған ұқсас мысалдар басқа облыстарда да болған Жақында ЖСДП Алматы филиалының лидерлері – «Азат» ЖСДП Алматы облыстық филиалының бұрынғы төрағасы Нұрлан Айшымбаев, сол филиал кеңесінің мүшелері – Марат Ырғалиев, Ермек Мырзахметов пен Нұрлан Шудабаев ЖСДП басшылығының саясатымен келіспейтіндігіне байланысты өздерінің ЖСДП-дан шығатыны туралы мәлімдеп, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына кіру туралы өтініш жасағаны белгілі. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының Төралқасы ЖСДП Алматы филиалы бұрынғы басшыларының ҚДП-ға қабылдау туралы өтінішін қарады. Партия төрағасы Азат Перуашевтің сайлау алдындағы сапармен, ел аралап, отырысқа қатыса алмауына байланысты, ҚДП Төралқасының отырысын төрағаның орынбасары Ерлан Барлыбаев басқарды. Төралқа келіп түскен өтініштерді зерделеп, «Марат Ырғалиевтің, Ермек Мырзахметовтің және Нұрлан Шудабаевтың Қазақстанның «АҚ ЖОЛ»Демократиялық партиясына мүшелікке қабылдау туралы өтініші қанағаттандырылсын» деп қаулы етті. Сонымен бірге, сайлау алдындағы адал бәсекелестік принципін басшылыққа ала отырып, Төралқа моральдық-этикалық себептерге байланысты, «Азат» ЖСДП Алматы филиалының бұрынғы төрағасы Нұрлан Айшымбаевтың өтінішін қарауды парламенттік сайлау аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдады. Партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова, Нұрлан Айшымбаевтың бұрын Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясында мүшелікте болғанын, осыған байланысты әңгіме партияға қабылдау туралы емес, мүшелігін қалпына келтіру туралы екендігіне тоқталып, оның басқа рәсім бойынша жүргізілетіндігіне Төралқа мүшелерінің  назарын аударды. Соның ішінде, «Нағыз Ақ жол» партиясының бөлінуі кезеңінде Н.Айшымбаевтың партиядан шығу жағдайын қосымша зерделеу қажет деп табылды. Е. Барлыбаев «жікке бөліну кезеңінде партиядан шығып кету партиядағы мүшелікті қалпына келтіруге кедергі болмайды» деп санайды. Оның үстіне, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы бұрын түрлі себептермен партиядан шығып қалған мүшелерінің қайта өзіне қосылуына мүдделі. Бұл табиғи үрдіске айналып барады: 2011 жылдың жаз айларынан бері «АҚ ЖОЛҒА»30 мың адам кірді, қайта оралғандардың мыңға жуығы, 2005-2007 жылдардағы жікке бөліну кезінде кеткен және негізінен «Нағыз Ақ жол» мен ЖСДП-да мүше болғандар. – Бұл адамдар тек партбилеттерін қалпына келтіріп қойып жатқан жоқ, партияда белсенді рөл атқаруда. Алматы облысындағы бірінші болып жатқан жағдай емес: бұған ұқсас мысалдар басқа облыстарда да болған. Тіпті, Солтүстік Қазақстанда ЖСДП болып қайта құрылғанда «Нағыз Ақ жолға» шығып кеткен Дмитрий Подковыров осыдан екі ай бұрын мүшелігін қалпына келтіргеннен кейін Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы, ал оның әріптесі филиал кеңесінің мүшесі болып сайланды, – деп атап айтты Меруерт Қазбекова. Ерлан Барлыбаев, ЖСДП Алматы филиалының бұрынғы лидерлерінің өз әрекеттерінің себептері жөнінде баспасөз конференциясы барысында айтқан түсіндірмелеріне Төралқа мүшелерінің назарын аударды. Ал Марат Ырғалиев өзінің «АҚ ЖОЛҒА» өту себебін осы партияның оппозициядағы біріктіруші және орнықты рөлге ие екендігімен түсіндірді. «Ал біз осындай ұмтылыс жасап отырғандардан теріс айналмай, оларды ақтап, жаңа жақтастарды біріктіру үшін өз мүмкіндіктерімізді толық ашып, пайдалануымыз керек» деді. «АҚ ЖОЛ» партиясының баспасөз қызметі