ЖСДП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТҰТАСЫМЕН «АҚ ЖОЛҒА» ӨТПЕК… Өскемендегі «азаттықтар» алматылық әріптестерінің соңынан ерді

0
895

Өскеменде Жалпыұлттық социал-демокартиялық партияның мүшелері оның қатарынан шығатыны туралы ресми хабарлаған отыз мүшесі партия басшылығының саясатына қарсы сөз сөйлеп, партияның ешқандай келешегі жоқ деп мәлімдеме жасады.

Партияның төрт мүшесі – Вячеслав Смирнов, Айжан Сәдуақасова. Олеся Реймер және Дамир Бәкіров Өскемендегі баспасөз мәслихтында ұйымның болашағы жоқ және қызметі мардымсыз екенін атап өтті.

– Біз қазір партияның біздің Шығыс Қазақстанда және тұтастай алғанда елде атқарған қандай да бір нақты істерін еске түсіре алмай отырмыз. Керісінше, елдегі оқиғаларға орай бір-бірін алмастырған шет-шегі жоқ декларациялар мен ұрандар ғана есімізде қалыпты, – деп мәлімдеді конференцияда білім қызметкері Вячеслав Смирнов. – Өкінішке қарай, біздің партия құрғақ сөзден аса алмады, көптеген бағдарламаларды жасап, ЖСДП басшылығына масаттанып жүрді. Осы саяси ұйымдағы пайдасөз тірліктермен айналыса жүріп, партия басшылары үнемі жанжалға килігеді, сөйтіп кез келген партияның өзегі болып табылатын өздерінің аймақтардағы филиалдарын баяғыда ұмытып кетті. Соның нәтижесінде халық арасында танымал емес, беделі мен саяси салмағы жоқ. Біз бұған жайбарақат қарай алмадық.

Осы саяси ұйымнан шыққандар енді «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ына мүшелікке қабылдауға өтініш бермек. Бұл партия билік партиясына оппонент бола отырып, қоғамды екіге бөлуге емес, барлық белсенді адамдардың бірігуіне, нақты нәтижелерге жетуге ұмтылады дейді бұрынғы партияластар. Олардың пікірінше, бүгінде мемлекет алдында бірқатар кезек күттірмейтін міндеттер тұр, оларды бүкіл қоғамның және әрбір қазақстандықтың мүддесі үшін шешу қажет. Олар ЖСДП өкілдері құрғақ ұрандармен, декларациялармен және көкезу сынмен бұл нәтижелерге жете алмайды деп сенеді, бұл жерде нақты істер мен әлеует қажет.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз