«РУХАНИЯТ» партиясының ШҚО филиалы төрағасы өз міндетінен бас тартып, партиядан шығып, «АҚ ЖОЛға» кіретінін мәлімдеді.

«Руханият» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы төрағасы

Құсайынов Райымхан Сағатұлының

МӘЛІМДЕМЕСІ

Мен, Құсайынов Райымхан Сағатұлы, «Руханият» партиясының төңірегіндегі кейінгі кезде қалыптасқан жағдайға байланысты ерікті түрде «Руханият» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы міндетінен бас тартатынымды және партия мүшелігінен шығатынымды мәлімдеймін. Өкініштісі, жекелеген партиялардағы келеңсіздіктер мен ішкі теке-тірестер, сайлаушылардың құқы мен мүддесіне мүлде қатысы жоқ айтыс-тартыстар алдағы болатын сайлаудың да, саяси партиялардың да қадірін түсіріп отыр. Біз, қарапайым сайлаушылар өзіміздің сайлау еркімізді заңды түрде және жүрек қалауымен жасағымыз келеді. Біз алдағы сайлаудың да саяси күштердің ойынына айналғанын қаламаймыз. Сол себепті, қаншалықты ауыр болса да, мен партиядан кететінімді мәлімдеймін. Сонымен қатар, мен ұлт, қоғам мүддесі жолындағы  саяси қызметімді тоқтатпаймын.  Осы тұрғыда менің ішкі саяси, азаматтық таңдауыма жақын партия ретінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясын атағым келеді. «Ақ жол» партиясының Сайлауалды тұғырнамасындағы елдік, ұлттық қағидалар мен мақсат-міндеттер мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың бәрінің көңілінен шығады деп ойлаймын. Осы себепті, мен «Ақ жол» партиясының мүшелігіне кіру туралы шешім қабылдап, тиісті құжаттарды партияның Орталық аппаратына табыстадым.  

Райымхан Құсайынов