Қазыбек Иса «Құрметпен» құрметтелді

ф             Биылғы жыл «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры, ақын, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Қазыбек Иса үшін жемісті жыл болды. «Тіл жанашыры» Құрмет белгісін алғанда ел «Дұрыс, Қазыбек алмағанда кім алады?!» деп қуана құттықтады. Артынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. «Үйірімен үш тоғыз» дегендей, марапаттар Тәуелсіздік мерекесі күні Астанада «Құрмет» орденімен құрметтелумен қорытындыланды. «Бұл менің ғана емес, Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы тәуелсіз қазақ баспасөзінің, «Жас қазақ үні» газетінің еңбегінің бағалануы деп білемін» –дейді Қазыбек Иса. Біз Қазыбек Исаны зор марапаттарымен құттықтай отырып, ел игілігі мен ұлт мүддесі жолындағы істеріне табыс тілейміз.

«Жасқазақтықтар»