Қазыбек Иса «Құрметпен» құрметтелді

3
1525

 

 

 

 

 

 

Биылғы жыл «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры, ақын, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Қазыбек Иса үшін жемісті жыл болды. «Тіл жанашыры» Құрмет белгісін алғанда ел «Дұрыс, Қазыбек алмағанда кім алады?!» деп қуана құттықтады. Артынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. «Үйірімен үш тоғыз» дегендей, марапаттар Тәуелсіздік мерекесі күні Астанада «Құрмет» орденімен құрметтелумен қорытындыланды.
«Бұл менің ғана емес, Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы тәуелсіз қазақ баспасөзінің, «Жас қазақ үні» газетінің еңбегінің бағалануы деп білемін» –дейді Қазыбек Иса.
Біз Қазыбек Исаны зор марапаттарымен құттықтай отырып, ел игілігі мен ұлт мүддесі жолындағы істеріне табыс тілейміз.

«Жасқазақтықтар»

3 ПІКІРЛЕР

  1. МЕН ҚАЗАҚПЫН .
    Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
    Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
    Анашымның ақ сүтінен ем қонып
    Бесік жырым , ана тілмен таралған .

    Жерлерім бар шексіз жатқан кең байтақ ,
    Ойлап қара Ей , азамат сен байқап .
    Қаратаудан көш тізбегі тізіліп
    Елім – айға зарлап өткен бар аймақ .

    Алашым деп , жауларынан сақтанған ,
    Ел бірлігін бабаларым басқарған .
    Атқа қонды , жерін қорғап ұран сап
    Жігерленіп Ер намысын атқарған .

    Көз жіберіп қарап көрші тарихқа ,
    Өтті талай қан төгістер анық па ?
    Мың бір өліп , қайта жасап тіріліп
    Нар қазағым қайыспады азапқа !

    Мен қазақпын , берік туған тілім бар ,
    Шүкір еттім бостандықта дінім бар .
    Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
    Иелік еткен егемендік елім бар .

    Қайталаймын мен қазақпын есейген ,
    Ел Ордасы Астанам бар көркейген .
    Алға , самға Қазақстан Әнұран – Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген !

    Мақтанамын Нұр Отаным мен бүгін ,
    Таңғалдырып , табындырып жер жүзін .
    Әділетті қорғап өткін қазағым
    Бұлт шалмасын елімізде күн көзін .

  2. КАЗЫБЕК ИСАНЫН ЕНБЕГ!Н!Н ЕЛЕНГЕН! , КОПШ!Л!ККЕ КУРМЕТ , Алдагы кезендерде де енбЕктер!н!н жалгасын саралар халкы куана берс!н демекп1з !

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз