Барымташылар бұғауланды
2019 ж. 05 шілде
2771
0
Қызылорда облысында 350-ге жуық мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 36 адам ұсталды. Олардың 339 қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр.
Биылғы төрт айда Қызылорда облысында 159 мал ұрлығы тіркелген. 2018 жылы 220 қылмыс анықталған болатын. Биыл әсіресе, ауыр қылмыстар саны артқан. Былтыр олардың саны бесеу болса, биыл 16 дерек тіркелді. Жыл басынан бері 339 мал ұрланған. Олардың небәрі 117-і табылып, иелеріне қайтарылған. Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мал ұрлығын жасаған 36 адамды қолға түсірді. Олардың 339 қылмыс жасағаны дәлелденіп отыр. Талдауға сәйкес 65% жағдайда, мал еркін жайылымнан, ал қалған 35 пайызында ауладан және қоралардан ұрланған.
qazaquni.kz