БАҚ: Қостанай облысында аудан әкімі тұтқындалды
2019 ж. 03 шілде
2602
0
Қостанай облысының Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Қисықов тұтқындалды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Тобол Инфо» ақпарат ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
2 шілдеде аудан әкімі Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсініктеме беру үшін шақырылған. Портал мәліметінше, 40 жастағы әкім пара алды деп күдіктеліп отыр. Іс Аманқарағай орта мектебінің құрылысымен байланысты көрінеді.
Белгілісі, 320 орынға арналған мектептің құрылысы енді ғана басталған.