
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысын Мәжілісте қазіргі атқарылып жатқан заң шығару жұмыстары мен оның нәтижелері туралы құлағдар етті. Сондай-ақ, биыл алдағы 23-24 қыркүйекте елордада өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің алдынала дайындық барысы жөнінде баяндап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде қолға алынып, еліміздегі жүргізіліп жатқан маңызды реформаларды заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларының уақтылы, сапалы қабылдануы қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
qazaquni.kz