Нұр-Сұлтан күніне арналған шаралар саны 3 есе қысқарды
2019 ж. 01 шілде
4704
1
Биыл Елорда күні мерекесі жылдағыдан бәсең тойланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, шаралардың санымен қатар шығыны да қысқарған.
«Елорда күнін мерекелеу аясында 100-ге жуық шара өтеді. Оның 73-і халық үшін – тегін. Биыл ресейлік және отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін Open Air, ашық аспандағы гала-концерт, халықтық серуен сияқты шығыны көп шаралардың бюджеті қысқартылады», – деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, мерекелік іс-шаралардың көбі қаланың шеткері аумағындағы тұрғын алқаптарында ұйымдастырылмақ.
«Биыл іс-шаралардың негізгі бөлігі қаланың шеткі аудандарындағы 8 тұрғын алқабы мен саябақтарда, скверлер мен бульварларда, Есіл өзенінің жағалауында өтеді. Бұл қаланың орталық бөлігін жаппай шоғырланудан арылтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол.