Қырғызстан президенті Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты
2019 ж. 26 маусым
2167
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Ақорда.
Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.