Жарылмаған снарядтар үйлерде әлі жатыр: Арыстықтарға қалаға оралуға қауіпті
2019 ж. 26 маусым
2484
1
Арыста болған төтенше жағдайдың қаупі әлі сейілмегендіктен тұрғындарға қалаға оралуға болмайтындығы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әскерилер Арыстың 16 көшесінен жарылмаған 70 снаряд тапты. Дені тұрғын үйлерге түскен. Қазір қалаға тіпті, құжат алу үшін де қайта келудің қажеті жоқ», - деп жазды Facebook-те Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.