Қызылорда облысының екі тұрғыны кене шаққан соң қайтыс болды

Қызылорда облысында кене шаққан екі тұрғын ауруханада көз жұмды. Бірі осыдан бірнеше күн бұрын ауруханаға өте ауыр халде жеткізіліпті, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

29 жастағы Шиелі ауданының тұрғынына ем-дом көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Оған қырым-қанды безгегі диагнозы қойылды. Бүгін қайтыс болған 44 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны қырым-қанды безгегін жұқтырды деген болжам бар.

Жақсылық ӘБДУСАМЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Екінші жағдай Сабалақ елді-мекенінен 1985 жылғы азамат. Ол да ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Оған да тиісті емдер тиісті клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Бірақ нәтиже болмай, ол науқас та қайтыс болды. Бірақ, айта кететін жағдай, екінші науқаста қырым қанды безгегі диагнозы зертханалық негізде әлі нақтыланған жоқ.