Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыртқы барлау қызметінің функциялары берілді
2019 ж. 18 маусым
3735
0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы барлау қызметін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртқы барлау қызметі құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыртқы барлау қызметі туралы ереженің жобасын президенттің қарауына ұсынуы тиіс.
Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" мемлекет басшысының жарлығынан "Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі" деген жол алынып тасталады.