Мұрат Әбенов: Бұл сайлау қазақ тіліне деген сұраныстың өскенін көрсетті
2019 ж. 14 маусым
3350
0
«Аманат» азаматтық платформасының жетекшісі Мұрат Әбеновтің айтуынша, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде ресми шараларға қарағанда, бейресми шаралар ұтымды болған. «Әлеуметтік желіні пайдаланғандар ұтымды жұмыс істеп, көп қолдаушы тапты. Түрлі жиындар өткізіп, дәстүрлі технологияға иек артып, әкімшілік ресурстарға сенгендерден қарағанда солардың жұмысы тиімді болып жатты. Біз соның бәрін барынша тәуелсіз көзқараспен талдауға тырыстық», – деді Мұрат Әбенов.
Қоғам белсендісі сайлау алдындағы үгіт жұмыстарында бұрынғы сайлауларға қарағанда қазақ тілінің үлесі басым болғанын жеткізді. «Ел арасында канидаттар сайлаудан кейін берген уәделерін ұмытып кетпесе екен деген тілек көп айтылды. Тағы бір ерекше атап өтерлік дүние, үгіт-насихат жұмыстарында қазақ тілінің үлесі артқаны анық көрінді. Кейбір партиялар мен ұйымдар оған дайын болмай шықты. Мұның бәрі әсіресе сайлау науқанының аяғына қарай анық байқалды», – дейді азаматтық платформа өкілі. Осылайша, қазақ тіліне деген сұраныс күн санап артса, оның даму аясы да күн санап кеңейе түспек.
qazaquni.kz