Бақыт Сәрсекбаев «Ақ жолмен» бірге!

а                   23 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті. Турнир «АҚ ЖОЛ» партиясының қолдауымен өткізілді. «АҚ ЖОЛ» партиясының Сайлауалды тұғырнамасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға басым көңіл бөлінген. «Елдің тұрақты дамуы үшін ұлт рухы да, тәні де сау болуы тиіс. Біз еліміздегі барлық елді-мекендерді 100 пайыз спорттық алаңдармен, аула клубтарымен қамтамыз етуіміз қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың ден­саулығының кепілі болады», - деп атап өтті, партия төрағасы Азат Перуашев. Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев: «АҚ ЖОЛ» партиясына кірген себебім, «АҚ ЖОЛ» - жастардың партиясы. Әрбір қазақстандықтың рухани саулығы, тән саулығы әр уақытта маңызды. «АҚ ЖОЛ» партиясы осы мақсатта орасан жұмыстар істеп жатыр», - деді. Турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының спортшылары қатысты. Турнирдің мақсаты: - салауатты өмір салтын насихаттау; - елдегі дене шынықтыру мен спортты дамыту; - боксты бұқаралық сипатта дамытуға жағдай жасау. «АҚ ЖОЛ» партиясы­ның жоспарына сәйкес осындай турнирлер еліміз­дің өзге өңірлерінде де ұйым­дас­тырылатын болады. «Ақ­жол­дықтардың» пікі­рінше, ең бастысы - елдің ішін­де салауатты өмір салты мен бұқаралық спорттың кең қанат жаюына ықпал ету. Партия «Буревестник», Ең­бек резервтері, «Динамо» және т.б. спорттық бірлес­тіктерді қайта құруға ат салысатын болады. Қазақстан спортының өркендеуіне және жаңа биіктерге шығуына осы бірлестіктер негіз болады. Бұл үшін халықаралық, отандық тәжірибеге негізделген тиімді жүйе жасау керек. Партия ауылдардан бастап, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі спартакиадалар жүйелі түрде өткізілуі тиіс деп санайды «Сондай-ақ, барлық ауылдарда, аудан орталықтарында спорттық алаңдар мен залдар салынуы қажет. Біздің өз әлем, Олимпиада чемпиондарымыз болуы керек. Шеттен алынған спортшылардың біз үшін жарыстарға қатысып, жеңіс әпергені мен үшін ұят. Қазақтар соншалықты қабілетсіз бе? Жоқ, қабілетті! Бізде өсіп келе жатқан жас ұрпақ пен спортшыларымызды қолдау кемшін», - деді Бақыт Сәрсекбаев. Сондай-ақ, «АҚ ЖОЛ» спортты діни, экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресіп, қоғамның зиялы сипатын сақтау үшін ең тиімді қару санайды. Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев «АҚ ЖОЛ» партиясының бел­сенді мүшесі. Ол жастармен жұмысты үйлестіріп, партияның бұқаралық спортты дамытудағы тұғырнамалық мақсаттарын жүзеге асыруда. Партия бұдан әрі де ел спортын дамытуда тиімді менеджментті жасау жолында жұмыс істейтін болады.

«АҚ ЖОЛ» ҚДП Баспасөз қызметі