Алматыдағы №384 сайлау учаскесінде Ресейден келген бақылаушылар жұмыс істеуде
2019 ж. 09 маусым
2974
16
Алматылық сайлаушылар да таң алакеуімнен өз таңдауларын жасап жатыр. 384-ші сайлау учаскесі талап бойынша 07:00-де өз жұмысын бастады. Мемлекеттік әнұран ойналып, халықаралық бақылаушылардың сүзгісінен өткен сайлау учаскесі алғашқы келушілерін күтіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Мен ылғи ерте келемін. Өйткені сайлауда дауыс беру менің қазақстандық борышым. Өз таңдауымды жасадым. Келешегіміз жақсы болсын деген ниетте», - деп хабарлайды Мұрат АРТЫҚБАЕВ.
163-ші мектеп-лицейінің базасында орналасқан сайлау учаскесінде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Көзі нашар көретіндерге тактильді жолдар, ал нашар еститіндерге аудиожазба дайындалыпты. Дауыс беру кезеңі басталғалы сайлаушылардың белсенділігі байқалады.
«384-ші сайлау учаскесі ҚР Президентін кезектен тыс сайлауға дайын. Біздің учаскемізде 2811 сайлаушы бар. Таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскесі ашылды. Басқа жақтан сайлауға дауысын бергісі келетін, сол жақтан шығу қағазын әкелген азаматтарды да толық дауысын қабылдап жатырмыз. Қазіргі таңда 9 сайлау мүшесі бюллетеньдерді беріп, сайлаушылардың дауысын қабылдап отыр», - деді Алматы қаласы №384 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айымгүл ИМАНҒАЛИЕВА.
«Бұл сайлау учаскесімен танысып шықтық. Ұйымдыстырушылық-техникалық жағынан, Қазақстан Республикасының заңнамасына және демократиялық процесстің қалыптасқан нормаларына сай етіп жасалған», - деді бақылаушы Дмитрий ШВЕЦОВ.