2023 жылы xалықты сумен қамтамасыз ету толықтай аяқталады – министр
2019 ж. 04 маусым
2451
0
Қала және ауыл xалқын орталықтандырылған сумен қамтасыз ету 2023 жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, - деп хабарлады baq.kz.
«Еліміз бойынша 18,4 млн адамның 90,2%-ы немесе 16,5 млн адам орталықтандырылған сумен жабдықталған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қалаларда 10 млн адам орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұл қала халқының 94,5% құрайды. Қалған халық су тарататын колонкаларды пайдаланып отыр. Қалалардағы өмір сапасын арттыру үшін биылғы жылы осы көрсеткішті 97%-ға дейін, ал 2023 жылы 100%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ауылдарда орталық сумен 6,5 млн адам немесе 84,4%-ы қамтылған. Бұл ретте, басқа ауылдар жергілікті су көздерін пайдаланады. Бұл ретте министрлік 2019 жылы бұл көрсеткішті 88%-ға дейін жеткізуді және 2023 жылы халықтың 100%-ын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр», - деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, шағын ауылдарды санитарлық нормаларға сәйкес келетін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнату қажет.
«Біз ауылдарды сапалы және қажетті көлемде сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету жоспарын дайындадық. Халқының саны 200 адамнан аз шағын ауылдарды санитарлық нормаларға сәйкес келетін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнату қажет. Бұл 1333 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Тұрғындары 200 адамнан көп 1274 ауыл орталық су құбырларымен қамтылатын болады. Сөйтіп, 2607 ауылда тұратын 1,2 млн адам санитарлық нормаларға сәйкес келетін сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі», - дейді министр.