БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

Балаларды қорғау күніне орай елордада «UMC» КҚ «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының онкология және бүйрек пен бауыр трансплантациясы бөлімшелерінің бұрынғы пациенттері арасында алғашқы республикалық – спорт жарыстары өткізіледі. Ойынға 3 жастан 16 жасқа дейінгі ауруды жеңген жүзден астам бала қатыспақ. Аталған іс-шараның басты мақсаты – аурумен ұзақ уақыт бойы күресіп, оны жеңген балаларға өмірге қайта оралуға және аяғынан тұруға көмектесу. Қазақстанда ойындарды өткізу бастамашысы – «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы. Орталыққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесі қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ, іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Қазақстанның Х-фактор байқауының жеңімпазы Дильнура Біржанова, Ерлан Көкеев және спорт қайраткерлері – бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ елшісі – шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова қатысады. qazaquni.kz