Азат Перуашев: Ең маңызды революция көшеде емес, көпшіліктің санасында өту керек

Ең маңызды революция көшелерде емес, көпшіліктің санасында өтуі керек - бұл туралы "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Президентiкке кандидаттардың пiкiр-сайысында мәлiмдеді.

- Онсыз жап-жаңа ғимараттар құлайды, тас жолдар тоза береді, - дедi үмiткер Дания Еспаеваның өкiлi. - Ал, прогресшіл санасы бар, технология түсінетін ел - қоғамды бұрын болмаған женістерге жеткізеді.

Сөздiң дәлелдеуіне ол Міржақып Дулатұлының айтқанын келтiрді: «Кісінің ақылын да, мінезін де тәрбиеліп шығаратын – оның қолдаған кәсібі».