Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты қабылдады
2019 ж. 28 мамыр
2638
0

Мемлекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін кешенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ, әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қ.Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.