Дания Еспаеваның штабы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті
2019 ж. 23 мамыр
2083
0
Азат Перуашев бастаған Дания Еспаеваның штабы Ақмола вагон жөндеу ұжымымен кездесті. Кәсіпорынға бұдан бөлек ҚР Мәжілісінің депутаттары Берік Дүйсембинов мен Кеңес Абсатиров, партия филиалының төрағасы Асқар Смағұлов, басқа да штаб мүшелері қатысты.
Ақмола вагон жөндеу зауыты 1941 жылы құрылған. Мұнда жылына үш мыңдай вагон жөндейді. Қазіргі таңда зауытта 400-дей адам еңбек етеді.Жалпы Қазақстанда жиырма шақты осындай зауыт бар. Өндіріс кезіндегі барлық сұрақтарды компания өзі шешеді.
Президенттікке үміткер тұңғыш әйелдің сайлауалды штаб мүшелері зауыт ұжымын Дания Еспаеваның отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Өнеркәсіп мамандары баспанамен қамтамасыз ету, зейнет жасына байланысты сұрақтарды қойды. Көпшілікті Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы күрес шараларына байланысты сұрақтар да қызықтырды.
Кездесу барысында үміткердің қазақстандық кәсіпорындарға арналған салық төлемі жүйесі және қаржыландыруға байланысты бастамалары сөз болды.
«Маңызды қолдау шараларының бірі - отандық өнеркәсіп орындарына жеңілдіктер қарастыру, - деді штаб жетекшісі Азат Перуашев. – Еуразиялық экономикалық аймақ шеңберінде, көптеген мемлекеттік тапсырыс пен тендерлерді шетелдіктер алып жатқанын көруге болады. Біздің үміткер Дания Еспаеваның есебінше, ҚР «Мемлекеттік тапсырыстар туралы» заңына, «Самұрық Қазына» АҚ, ұлттық компаниялардағы тапсырыс туралы ережесіне «отандық өндіруші», «қазақстандық тауар» сынды ұғымдарды қайта енгізуі керек.
Сайлауалды штаб мүшелері «Ақ жол» партиясының үміткері Дания Еспаева шетелдік мұнай пайдаланушыларын отандық өндірушілердің тауары мен қызметін пайдалануға міндеттеу керектігін айтты.
Ұқсас кездесулерді «Ақ жол» партиясы еліміздегі ірі өнеркәсіптерде өткізетін болады. Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.
ҚР Президенттігіне үміткер Д. М. Еспаеваның сайлау қорының қаражатынан төленді