«МЭБК» АҚ құны 13 млрд теңгелік екі жобаны іске асырады

Мұнай-газ кен орындарында электржабдықтау желілерін жақсарту, болашақта электр энергиясының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ  құны 13,2 млрд. теңге болатын 2 ірі жобаны жүзеге асырады. «Бірінші жоба - «Ақтау-Қаражамбас» жоғары вольтті желісі. Жобаның құны 6,8 млрд. теңгені құрайды. Екіншісі - «Ақтау-Өзен» жоғары вольтті желісі. Бқл жобаның құны 6,4 млрд. теңгені құрап отыр. Жоба бойынша жұмыстар 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған», - деді «МЭБК» АҚ қаржы және экономика бойынша басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Жұматаев. Компанияның инвестициялық жобасы 2019 жылға дейін жоспарланған.