Маңғыстауда 2015 жылы жалпы көлемі 433 мың гектарлық үш қорық пайда болады

0
924

Маңғыстау облысында 2015 жылы жалпы көлемі 433 мың 740 гектар болатын үш қорықша пайда болады.

Маңғыстау облысында бүгінгі таңда републикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 10 табиғи аумақ, сондай-ақ  жануарлар әлемін және орман қорғау бойынша 2 мемлекеттік мекеме бар. Соңғысы, аумағы 68,3 мың гектарды алып жатқан «Адамтас» табиғи қорықшасы бір жыл бұрын ашылған.

Кейбір қорықшаларға – Қарақия-Қаракөл, Кенділі-Қаясан, Ақтау-Бозашы қорықтарына антропогендік факторлардың әсері болғандықтан тағы да 3 қорықша: «Көлеңкелі», «Есет», «Манашы» қорықшаларын ашу туралы шешім қабылданды.

«Табиғи қорықшалар жоба бойынша облыстың Бейнеу және Маңғыстау аудандарында орналасқан. Олардың жалпы көлемі 433 мың 740 гектарды құрап отыр. Оларды құруға қажетті құжаттардың барлығы бар. Маңғыстау облысы әкімінің қаулысы бойынша жоба дайындалып жатыр», – деді Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Орынбасар Тоқжанов.

Дереккөзі – қазақпарат.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз