Арнайы индустриалды аймақ құру мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың қатысуымен өткен облыс активі кеңесінде аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған индустриалық аймақ құру мәселесі талқыланды. «Жаңа индустриалық аймақты дамытуға бағытталған жұмыста нақты нәтижелер жоқ. Қазір тек, Жаңаөзен қаласында ғана технопарк құрылған. Менің білуімше, жаңаөзендік кәсіпкерлер арасында бұл жерге өз өндірісін ашуға тілек білдірушілер жетерлік. Қалалық әкімдік оларды іріктеуде мұқият болуы керек. Бұлар нақты, өзін ақтайтын, халық қажеттілігіне жарайтын, қала құрушы кәсіпорын болатындай тиімді жобалар болуы қажет», - деді облыс әкімі. Жұмысқа қатысты аймақ басшысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасына, сондай-ақ «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ-на нақты тапсырмалар берді. Олар өзара бірлесе отырып, 2015 жылы кем дегенде екі жаңа индустриалық аймақты құруы қажет. Дереккөзі - қазақпарат.