Ақтау Каспийдегі мұнай-газға қызмет көрсетуден бірінші орынға шыға алады

Каспий өңірі мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсету бойынша бірінші орынға шығудың барлық басымдықтарына ие. Оны Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев айтты. Әкімнің айтуына қарағанда, Маңғыстау облысында өңірді дамытудың бес стратегиялық бағыты айқындалды. Бұлар:  дәстүрлі сала мұнай-газ өндіру, мұнайсервиз кластерін құру, көлік және логистика, туризм және құрылыс. «Мұнай және газ өндіру саласында біз жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін арттырып жатырмыз. Биыл облыс алғаш рет соңғы бірнеше жылда мұнай өндірісін арттыруға қол жеткізді. 9 айда мұнай өнімі 13,8 млн. тоннаны құрап, 2,7 пайызға жоспар орындалған. Бұл ретте мұнай өндіру негізінен ескі кен орындарынан, атап айтқанда, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас секілді кендерден алынды. Сонымен қатар, мұнай өнімінің өсімі жаңа технологиялар енгізу есебінен орын алды», - дейді Алик Айдарбаев. Бұдан бөлек, облыс әкімі өңірлік экономиканы дамыту аясында жаңа кен орындарына геологиялық барлау және ескі кендерге барлау жұмыстарын барлау белсенді түрде жүргізілетінін атап өтті. Бұл ретте теңіз кен орындарының перспективасы жоғары. «Ұлттық мұнай кластері аясында жаңа мұнайсервиз кластері құрылады. Бұл жоба Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге аспақ.  Тұтастай алғанда Каспий өңірі мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсету бойынша бірінші орынға шығудың барлық басымдықтарына ие. Біз Каспий теңізінде оңтайлы географиялық аумақта орналасқанбыз, мұзқатпайтын Ақтау және Қорық теңіз порты бар, машина құрылысының қуаты зор, дайын инфрақұрылым мен жаңа теміржол және автокөлік қатынастары ашылмақ. Транспорт пен логистика тұрғысынан алсақ, Маңғыстау басқа өңірлерге де жақын бола бастады және өңірлік көліктік торапқа айналуда», - деді А. Айдарбаев. Дереккөзі - қазақпарат.