Маңғыстауда 2015 жылдан апатты мектептер болмайды деді Алик Айдарбаев

0
677

Маңғыстау облысында 2015 жылдан бастап апатты мектептер болмайды. Оны  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев айтты.

«Білім беру бағдарламасы біз үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы 2017 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын жою, апатты мектептер проблемасын толығымен шешу туралы тапсырма жүктеген болатын. Біз биыл 200 орындық бір мектептің құрылысын аяқтадық, келесі жылы әрқайсысы 624 орындық 2 мектеп салынбақ. Тұтастай алғанда, 2015 жылдан бастап Маңғыстау облысында апатты мектептер болмайды», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар облыс басшысы 2015 жылы үш ауысымды мектептердің проблемасын шешу де назарда болатынын атап өтті. Әкімнің сөзіне қарағанда, облыста үш ауысымдағы 4 мектеп бар.

«Бұны жою үшін осы айда 960 орындық мектепті қолданысқа енгізетін болсақ, 1700 орындық және екі мектеп салынатын болады», – деді А.Айдарбаев.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз