Жаңа зауытта жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы өндіріледі

«Қазатомпром-МАЭК» атомшылары үшін күкірт қышқылын Степногор қаласындағы жаңа зауытта өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақтауда «Тараз» химиялық паркі» АЭА өкілдерімен өткен таныстыру барысында мәлім болды. «АҚ ретінде құрылған АЭА-ның басқарушы компаниясынан басқа «Біріккен химиялық компания» ЖШС («Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы) құрылған. БХК-ның алғашқы кәсіпорны Степногор қаласындағы зауыт болмақ. Онда күкірт қышқылы өндіріледі. Ол сонымен бірге Ақтау қаласына жеткізіледі», - деді кездесу барысында «Біріккен химиялық компания» ЖШС технологиялық даму дирекциясының бас менеджері Тимур Уәлиев. БХК жылына қуатталығы жылына 180 мың тонна болатын зауыттың құрылысына жетекшілік етеді. Сонымен бірге, компания Тараз қаласының АЭА-мен қатар Атырау қаласының мұнай-химия инфрақұрылымын дамытады. Олардың өнімі Маңғыстау нарығында да қызығушылық тудыруы мүмкін. Атырауда сутектендіру заманауи технологиясы бойынша полиэтилен өндіретін зауыт салынады. Көптеген елдер бас тартып жатқан қарапайым полиэтилен бензин фракциясынан алынса, оның қазақстандық баламасы этиленнен өндірілмек. Бұл әлемдегі жетекші мұнай-химиялық компаниялардың бірі - оңтүстіккореялық LG Chem компаниясының жобасы. Дереккөзі - қазақпарат.