Міндеткерліктерге жетудің кілті - ортақ ынтымақтастықта

Бұған дейін алға қойылған бес жылдық жоспар алдын ала орындалды. Енді біз әрқайсымыздың қызметіміз бен жұмыс саламызға қарамастан орындауымыз тиіс жаңа міндеттер алдық. Қойылған міндеттерге жетудің кілті - үнемі және мақсатты еңбек ету ғана емес, жалпыға ортақ ынтымақтастықта, деп есептейді Маңғыстау облысындағы «Ехпайрутюн» атты армян этномәдени брлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян. «Барлық жетістіктеріміз қазақстандықтармен қатынастарымыздың сенімге және достыққа негізделгенінде. Біздің этномәдени бірлестігіміз Елбасының экономиканы жаңа деңгейге шығарып, болуы мүмкін қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы тұру ұмтылысын қолдауда. Келесі жылы қазақстандықтар Конституцияны қабылдау және Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтеді. Бұл мерекелерді атап өтіп, біз ынтымақтастығымызды сезінеміз, ал бұл сөздер мен есеп берулерден артық. Қазақстан сенімді түрде ілгері қадам басып келеді, және біз, Маңғыстау облысының армян этномәдени бірлестігі күн сайынғы еңбегімізбен Президентіміздің саясатын қолдаудамыз. Бұл - бізді болашаққа апарар жол», - деп атап өтті А.Курдоглян.