Ақтауда салық пен төлем 109 пайызға артығымен орындалған

Ағымдағы жылдың 9 айының көрсеткіші бойынша жергілікті Ақтау қаласында бюджетке салық пен төлемдерден 15321,4 млн. теңге қаражат түскен, жоспар бойынша 13944,2 млн. теңге болған. Осылайша, аталған міндеттің орындалуы 109,9 пайызды құрады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер - 11384,6 млн.теңге (113,6% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер - 140,0 млн.теңге (98,0%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 491,9 млн. теңге (103,1%) және трансферттік түсімдер - 3304,9 млн. теңге (100,0%). Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 12016,5 млн. теңге түсті немесе есептік жоспарына 112,9% орындалды. Шығынды бюджет бөлігі 15566,4 млн. теңгеге орындалды немесе есепті кезең жоспарына 93,6% (16638,1 млн. теңге).