«Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағында 5 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады

Биыл «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, аталған арнайы экономикалық аймақтық инфрақұрылым тек 2009 жылы ғана салына бастаған. Аумағы 200 гектарды құрайтын алғашқы алаң 2012 жылы тапсырылды. Бұл мақсатқа 7 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылы жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгені құрайтын тағы 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2-3 жылдың ішінде алғашқы алаң инвесторларға лық толатын болады деп күтілуде. Жақында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі таңда Ақтау теңіз портында жұмыс істеп тұрған 5 инвестор 9,5 млрд. теңге салық төлеуі тиіс екендігін және жыл соңына дейін шамамен 5 млрд. теңге сомаға тағы 5 жобаны іске қосу жоспарланып отырғандығын атап өтті. Дереккөзі - қазақпарат.