Жұмыссыздық - нарықтық экономиканың бір көрінісі

Сөз жоқ, ел-елде, жер-жерде жұмыссыздық деген қоғамдық-әлеу­меттік күрделі мәселе бар. Жер-жаһанға үңіліп қарасаңыз да, өркениетті елдердің өзінде жұмыс таппай сеңдей соғы­лы­сып жүргендер аз емес. Бұл бүкілғаламдық тенденция. Өйт­кені, жұ­мыссыздық – нарықтық эко­номиканың бір көрінісі. Әрине, жақсы жұмыс – бұл да бір ырыс. Бірақ, жақсы жұмысқа қол жеткізу үшін де жоғары білім, мейлі орта кәсіби білім болсын, көп оқып, ізденіп, өмірде, өндірісте мол тәжірибе жиып барып қана жетістікке, жеңіске жете аласың. Терең білімді, кәсіби білікті адамға қайда да сұраныс бар. Жұмыссыздық тәрізді әлеу­мет­­тік ахуалға орай мемлекеттің қолдау көрсетуі заңды құбылыс. Ел тұрғындары жұмыссыздық па­­­йызының азаюы айналып кел­генде ел дәулетінің артып, әрбір шаңырақтың шаттыққа бөлен­генін айғақтар еді. Менің бір байқағаным, облыс басшысы А.Айдарбаев қа­лың бұқараның, оның ішінде мұнайшылардың, әсіресе жас­­­­­­тардың жұмыссыз қалмауына ме­й­­­­лінше мән береді, аймақта әлеу­мет­­тік тұрақтылықты сақ­тауға, жұмыссыздық пробле­ма­сының се­йілуіне ерекше назар аударып отыр. Тіпті осы мәселеге орай қолдан келген көмегін жасап, кем дегенде әр отбасында бір асы­раушысының болуына күш салады. Ал шынтуайттап келгенде, әр­бір адамға жұмыс тауып беру билік органдарының тікелей міндетіне жатпайды. Мен өңірдегі осынау аса шетін мәселеге орай облыстық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының басшысы Г.Қал­мұратовамен бі­раз уақыт әңгі­мелесіп, жұмыс­сыздықтың себеп-салдарына те­рең бойлауға тырыстым. – Шынына келгенде,-деді Гүл­мира Мұратқызы, - елімізде қол­ға алынып жатқан барлықмем­­­лекеттік бағдарламалар мен ша­­­ралардың қай-қайсысы даэко­но­­микалық өсімді, индустриал­дық-инновациялық дамуды, тұр­ғын­дардың өмір сүру сапасын жақ­сартудыкөздейтіні анық. Мы­­салға, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын алып қа­­раңызшы. Бұл арқылы әркімнің өзі­нің шығармашылығын, қолы­нан ке­летін кәсібін дамытуына толық жол ашылып отыр. Тегінде такси ай­дасаң да, бұл да жұмыс. Жалпы Г.Қалмұратова­ның айтуынша, жұмыс­сыздық дегеннің өзі бір­­неше түрге бөлінеді екен. Мәселен, сонау өткен ғасырдың 90-жыл­­да­рындағы бұрынғы Одақ күй­реп, экономикалық тіндер ажы­раған кезде көптеген ме­кеме, кәсіпорындар жұмысын тоқ­татты. Жаппай жұмыссыздық белең алды. Бұл – өз алдына басқа мәселе. Ал бүгінгі Маңғыстаудағы жұмыссыз­дықтың жайына келсек, бұл халықтың жаппай жоғары жалақы мен оңды еңбек жағдайларына деген ұмты­лысынан туындап отырған фактор. Мәселен, отбасында ата-аналар балаларын жаппай мұнай саласына оқытады. Сондықтан жоғары білім алса да, егер жұмыс табылса, оператор болыпжұмыс жасауға да әзір. Әрине, жұмыс табылса... Бұрындары құрылыс салаларында сыршы-сылақшы деген мамандықтарды әйел адамдар атқарған болса, бүгінде ондай жандарды таба алмайсың. Сондықтан сырттан ағылып келетін арзан жұмыс күштеріне тәуелділік орнайды да, әлгі айтқандай құрылыс, қызмет көрсету, сауда-саттық, өңдеу өндірісі, пайдалы қазбаларды өндіру, мейманханалар мен мейрамханалар, денсаулық сақтау секілді салаларда жұмыс күші жетісе бермейді. Оның үстіне, Құдайға шүкір деп айтайық, Маңғыстау өңірінде халықтың табиғи өсімі күшті, еңбек нарығындағы халықтың экономикалық белсенді халық саны да өте жоғары. Гүлмира Мұратқызы, айталық кәсіби білікті дәнекерлеуші­лер, автокраншілер, т.б. жоғары жа­ла­қылы жұмысшы маман­дықтарына сұраныстың көп екендігін, сондай-ақ білімді маман тестіге қатысып жеңіске жете алатынын алға тартады. «Маған жұмыс сұрап бір бойжеткен келді,- дейді ол. -Алматыдан КИМЭП бітіріпті. Мен оның бірден жақсы жолға түсуіне кеңес бердім. Ол менің ақылымды алып, әуелі мемлекеттік қызметке барды, бір жылдан кейін мамандығы бойынша өз қабілет-қарымымен орналасып кетті». Жұмыспен қамту саласының бас үйлестірушісі жалпы ал­ғанда көп мәселе жұмыс берушілерге байланысты екендігін атап өтті. Жұмыс берушілердің еңбек нарығынан тыс қалмай, оқу орындарына алдын ала барып шарт жасасып, өздерінде бар озық технологияларды жеткізіп, оқытып-үйретіп, бітіргеннен кейін түлектерді өздеріне жұмысқа алуы қажеттігін өте маңызды мәселе санайды. Және де ол маңғыстаулықтар жұмыс жасамайды деген ұғым­ға келіспейтінін білдірді. Әрі дүрбелең туғызатындай да еш­­­теңе жоқ. Күні кеше ғана шетелдік сарапшылар тобы айма­ғымыздағы жұмыс­сыздыққа бай­ланысты тал­дау жасапты. Бірақ, біздегі жағдай орнықты, бір­қалыпты екендігі айқын­дал­ған. Әрине, мұнай баға­сының төмендеуі, Қашаған кенорны игерілуінің кейінге шегерілуі еліміз бойынша сәл қиындық тудыруда. – Әлбетте, жұмыссыздықты түбегейлі шешу мүлде мүмкін емес. Басқа өңірлерден оралмандар ағылып келіп жатыр, сәбилер дүниеге келуде, ұрпақ өсуде. Әйткенмен, облыс басшылығы қолдан келген көмектің бәрін жасауда. Жергілікті жерде қол­ға алынған «Жаңа серпін» бағдарламасы аймақтағы жұ­мыссыздық шиеленісін шешуге бағышталып отыр. Құрықта Ерсай оқу орталығы, Ақтаудағы тренинг-орталығында, Жаңаөзен, Же­тібай, Қарақия елді мекендерінен көптеген жастар кәсіби білім алуда. Осы таяу күндері ғана Жаңаөзенде мұнай қалдықтарын тазартуға 70 жұмыссыз адам тартылуда. «Екі қолға бір күрек» дегендей, осының бәрі жұмыс емес пе? Әрине, ел, қоғам болғасын арызданушылар, тіпті ұсынған жұмыстан бас тартып, шама-шарыққа, парасат-парыққа қа­рамай кететін ағайындар да кездеспей тұрмайды. Мен аудандар мен қалалардың әкімдіктері ұсынған түрлі жұмыстардың тізбесіне көз салдым. Міне, керемет! Бастықтың орны мен аса жоғары жалақылы бол­мағанымен отбасын, бала-ша­ғасын асырауға, тірлік жа­сауға, нәпақа айыруға жарап қалатындай жұмыстар жоқ емес, баршылық. Ұсынылған жұмыстан бас тартушылардың тізімі де сала-құлаш екен. Бұл не сонда? Асылы, үйде жатып алып «маған жұмыс тауып бер» деп кергудің өзі де дұрыс емес. Мен тағы да алдымдағы тізімге қарадым: А.Латипов,Ж.Тульсиков, Д.Смағұлов, М.Қай­ранов, Қ.Айтниязов, Б.Олжас,Е.Мұқанов, Б.Нұралха­нов, Ж.Нұр­бергенов, О.Аманов, Ж.Атан­құлов, Қ.Дүйсенов, О.Бисе­нов деп жалғасыпкете береді екен. Бұлар өздерін жұмыс­сыз санайтындар және ұсынған жұмысқа бармағандардың бір парасы ғана немесе оқып жүрген жерінен түрлі себептермен оқу­дан шығарылғандары да бар... Г.Қалмұратованың айтуынша,Маңғыстау, Қарақия аудандарында «Жол картасы» бойынша түрлі жөндеу немесе әлеуметтік жұмыстарға тартайын десең, мүлде адам табылмайды екен. Ғалым Әріп, Маңғыстаудан.