Маңғыстау облысына 1 млрд теңге көзделген

Өткен аптаның соңғы күндері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтыңмүшелері Маңғыстау облысында болып, Елбасымыздың жаңа бағдарламалыққұжаты бойынша елді мекендер тұрғындарының арасындаүгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы топ құрамында болған ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары С.Омаров Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру үшін Қарақия ауданының Сенек және Құланды ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. – Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Елбасымыз әлемнің 30 дамыған елініңқатарына кіру тұжырымдамасын ұсынды, аталған тұжырымдама ел дамуының жаңа бағытын және нақты істерімізді жүзеге асырудың бағдарламасын айқындайды,-деді вице-министр Сапархан Кесікбайұлы. – Жолдаудың басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын дамыту болып қала бермек, оныңшеңберінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы субъектілерініңұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді ескере отырып, «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалыққұжаттарды жаңғырту тапсырылды. Қазір «Агробизнес-2020» бағ­дарламасының жаңа тетіктерін іске асырудың алғашқы нәтижелері туралы айтуға болады. Сонымен төлем қабілеттілігін арттыру, кредит жүктемесін азайту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің банкрот болу тәуе­келін барынша төмендету мақ­сатында бағдарлама аясында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолда бар берешектерін өтеуге қаржыландыру арқылы іске асырылады. Агорөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін бүгінгі күні «ҚазАгро» холдингі 2 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға еуробондтарды тартты. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін қаржылық сауықтыруды іске асыру нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъек­тілерінің жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңге 292 өтінімі мақұлданды. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші 300,0 млрд. теңге сауықтырылатын берешек сомасы екенін ескерсек, бұл толық орындалды. Сонымен бірге Маңғыстау облысында жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгені құрайтын 2 өтінім мақұл­данды,-деді С.Омаров. – Бар­лық осы шаралар кредит жүкте­месін жеңілдетуге және көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өн­дірушілердің банкрот болуын бол­дырмауға жәрдемдеседі. Агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларында бар өндірістік қуаттылықтарды құруға не қол­да­­ныстағыларын кеңейтуге ба­ғыт­­талған инвестициялық са­­­лым­­­­дар­дыңөзін-өзі ақтау мер­зім­дерін қыс­қарту және капитал сыйым­дылы­ғын төмендету мақ­­сатында «Агробизнес-2020» бағ­дар­ламасы ая­сын­да инвести­циялық субсидияларды төлеу те­тік­тері, яғни негізгі қаражатқа инвести­циялықсалымдар салған кезде агроөнеркәсіптік кешен субъек­ті­лерінің шығыстарын ішінара өтеу іске асырылады. Осы мақсат­тарға 2014 жылы 14,5 млрд. теңге, оның ішінде Маңғыстау облысына – 0,1 млрд. теңге көзделген,-деп атап көрсетті вице-министр. Алматы қаласын қоспағанда (ағымдағы жылы ақша көздел­меген), барлықөңірлерде «Қазагро­маркетинг» акционерлік қоғамымен операторлыққызмет көрсету туралы шарттарға қол қойылды, инвесторлардыңөтінімдерін қа­былдау жүзеге асырылуда. Аталған мәселеге жетекші­лік ететін Маңғыстау ауыл ша­руа­­шылығы басқармасы ағым­дағы жылдыңқазан айында суб­си­диялауды бастауды және Қаз­агро­­маркетингпен келісім-шартты тіркеуді жоспарлады. Сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен субсидия алу үшін өтінімдердің жоқ болуына байланысты Маңғыстау облысы­ныңәкімдігімен аталған бағдарла­ма шеңберінде нысаналы ағымда­ғы трансферттердің сомаларын 63000 тең­геге қысқарту туралы өтінім білдірілді. Аталған мәселе 2014 жылғы 20 қазанда республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралып, трансферт сомасынқысқартуға оң шешім алынды. Қазіргі уақытта тиісті Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде Маңғыстау облысына арналған трансферт сомасы жоғарыда көр­сетілген бюджеттік бағдарлама шеңберінде 67363 мың теңгені құрайды, бұл 81751 мың теңгеге инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрі­нің орынбасары С.Омаров сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың«Сыбаға» бағдарламасына да тоқ­талып өтті. Ауылдар тұрғындарымен кез­­десулерде облыстық ауыл шаруа­­шылығы басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Талғат Балтабеков те сөз сөйлеп, агро­өнеркәсіптік кешен субъектілерін «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Атырау бөлімшесімен несиелеу мен субсидиялау, құны­ның 20 пайызын төлеп, құдыққазды­рып, оның төлқұжатын шығарған­нан кейін құдыққұ­нының 80 пайы­зынмемлекетпен өтеу, республика­лық және жергілікті бюджеттер­ден бөлін­ген мемлекеттік қаржылар­ға Маң­ғыс­тауға мал азығын тасымалдау, шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз ету мәселелері, олардың нарықтағы бағалары мен тасымал шығындары туралы егжей-тегжейлі түсініктер берді. Әбдіғалым Сәркенов, Маңғыстаудан