Маңғыстау облысына 1 млрд теңге көзделген
2014 ж. 11 қараша
1198
0
Өткен аптаның соңғы күндері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтыңмүшелері Маңғыстау облысында болып, Елбасымыздың жаңа бағдарламалыққұжаты бойынша елді мекендер тұрғындарының арасындаүгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы топ құрамында болған ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары С.Омаров Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру үшін Қарақия ауданының Сенек және Құланды ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
– Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Елбасымыз әлемнің 30 дамыған елініңқатарына кіру тұжырымдамасын ұсынды, аталған тұжырымдама ел дамуының жаңа бағытын және нақты істерімізді жүзеге асырудың бағдарламасын айқындайды,-деді вице-министр Сапархан Кесікбайұлы. – Жолдаудың басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын дамыту болып қала бермек, оныңшеңберінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы субъектілерініңұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді ескере отырып, «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалыққұжаттарды жаңғырту тапсырылды.
Қазір «Агробизнес-2020» бағдарламасының жаңа тетіктерін іске асырудың алғашқы нәтижелері туралы айтуға болады.
Сонымен төлем қабілеттілігін арттыру, кредит жүктемесін азайту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің банкрот болу тәуекелін барынша төмендету мақсатында бағдарлама аясында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолда бар берешектерін өтеуге қаржыландыру арқылы іске асырылады.
Агорөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін бүгінгі күні «ҚазАгро» холдингі 2 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға еуробондтарды тартты.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін қаржылық сауықтыруды іске асыру нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңге 292 өтінімі мақұлданды. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші 300,0 млрд. теңге сауықтырылатын берешек сомасы екенін ескерсек, бұл толық орындалды.
Сонымен бірге Маңғыстау облысында жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгені құрайтын 2 өтінім мақұлданды,-деді С.Омаров. – Барлық осы шаралар кредит жүктемесін жеңілдетуге және көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің банкрот болуын болдырмауға жәрдемдеседі.
Агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларында бар өндірістік қуаттылықтарды құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдардыңөзін-өзі ақтау мерзімдерін қысқарту және капитал сыйымдылығын төмендету мақсатында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында инвестициялық субсидияларды төлеу тетіктері, яғни негізгі қаражатқа инвестициялықсалымдар салған кезде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шығыстарын ішінара өтеу іске асырылады. Осы мақсаттарға 2014 жылы 14,5 млрд. теңге, оның ішінде Маңғыстау облысына – 0,1 млрд. теңге көзделген,-деп атап көрсетті вице-министр.
Алматы қаласын қоспағанда (ағымдағы жылы ақша көзделмеген), барлықөңірлерде «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамымен операторлыққызмет көрсету туралы шарттарға қол қойылды, инвесторлардыңөтінімдерін қабылдау жүзеге асырылуда.
Аталған мәселеге жетекшілік ететін Маңғыстау ауыл шаруашылығы басқармасы ағымдағы жылдыңқазан айында субсидиялауды бастауды және Қазагромаркетингпен келісім-шартты тіркеуді жоспарлады.
Сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен субсидия алу үшін өтінімдердің жоқ болуына байланысты Маңғыстау облысыныңәкімдігімен аталған бағдарлама шеңберінде нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын 63000 теңгеге қысқарту туралы өтінім білдірілді. Аталған мәселе 2014 жылғы 20 қазанда республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралып, трансферт сомасынқысқартуға оң шешім алынды. Қазіргі уақытта тиісті Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде Маңғыстау облысына арналған трансферт сомасы жоғарыда көрсетілген бюджеттік бағдарлама шеңберінде 67363 мың теңгені құрайды, бұл 81751 мың теңгеге инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары С.Омаров сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың«Сыбаға» бағдарламасына да тоқталып өтті.
Ауылдар тұрғындарымен кездесулерде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Балтабеков те сөз сөйлеп, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Атырау бөлімшесімен несиелеу мен субсидиялау, құнының 20 пайызын төлеп, құдыққаздырып, оның төлқұжатын шығарғаннан кейін құдыққұнының 80 пайызынмемлекетпен өтеу, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген мемлекеттік қаржыларға Маңғыстауға мал азығын тасымалдау, шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз ету мәселелері, олардың нарықтағы бағалары мен тасымал шығындары туралы егжей-тегжейлі түсініктер берді.
Әбдіғалым Сәркенов, Маңғыстаудан