АЭА-ның басқарма төрағасы Әмірбек Төлегеновтен сұхбат

- Әмірбек Бекбасарұлы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен құрылды. Осы жылдар ішінде арнайы экономикалық аймақтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ осы алып алаңның әлеуеті жайында айтып берсеңіз? - «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жалпы ауданы 2000 га құрайды және ол Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы аумағында орналасқан жекелеген алты жер учаскелерінен (субаймақтардан) тұрады. «Ақтау теңіз порты» АЭА Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында индустриалды-өнеркәсіптік кластер құру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады және ол қазіргі заманғы жоғары өнімділікті, бәсекеге қабілетті өндірістерді жылдамдатып дамыту, инвестицияларды, экономика саласындағы жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылған. АЭА-ның негізгі міндеті экспортқа бағдарланған және технологиясы жоғары өндірістерді құру үшін инвестициялар тарту болып табылады. Арнайы экономикалық аймақтың айырықша мәртебесі республика экономикасына капиталды тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Маңғыстау өңірін дамыту үшін қосымша серпін беріп,  оны әртараптандыру үшін тиімді құрал болмақ. Маңғыстау өңірі тиімді географиялық жағдайы мен көлік инфрақұрылымының және логистикасының болуымен көзге түседі. Барлық аталған факторлар өңірді инвестициялар жағынан өте тартымды етеді, ал АЭА қатысушыларына берілетін салық және кеден преференциялары мүмкіндіктері нарықтың жоғары инвестициялық тартымдылығын қолдап отырады. Қазіргі таңда АЭА аумағында 30 қатысушы тіркелген. Салынған және игерілген инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд. теңгені құрайды, тұрақты жұмыс орындарының саны 1 мың адамға жетеді, барлық кезең ішіндегі шығарылған өнімнің көлемі шамамен 204 млрд. теңгені құрайды. «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында Франция, Англия, Сингапур, Норвегия, Әзербайжан, Ресей, Испания, Италия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің шетел компаниялары тіркелген. - Сіз басшылық етіп отырған АЭА аумағында өндірісті орналастырудың негізгі басымдықтарына, осы орайда жүзеге асырылған ірі жобаларға тоқталсаңыз? - «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында өндірісті орналастырудың негізгі басымдылықтары мыналар болып табылады: инфрақұрылымдық құрылыстарды мемлекет қаражаты есебінен салу, жер учаскелерін, кейіннен сатып алу құқығымен ақысыз 10 жылға жалға беру (ақылы жер пайдалану), әкімшілік кедергілерді азайту, тіркеу рәсімін жеңілдету мақсатында жұмысқа бір терезе қағидатын енгізу, сондай-ақ АЭА қатысушыларына қойылатын талаптар сақталған жағдайда мемлекеттік органдар мен салық және кеден преференцияларын келісу (корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын, жер үшін жалдау төлемін, импорт тауарларға ҚҚС, кіргізілетін тауарларға кеден баждарын төлеуден босату). «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында қызметтің басым түрлері айқындалған, яғни олар тері бұйымдарын, электр аспаптарын, резеңке және пластмасс бұйымдарын, фармацевтикалық өнімдерді, электротехникалық жабдықтарды, құрылыс материалдарын шығару, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп, металлургия және қойма қызметі негізгі бағыт ретінде қамтылып отыр. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі әлеуетінің  маңызды бөлігі болып табылатын және Қазақстанның мұнай-газ саласы кәсіпорындарына арналған 100 пайыз жергілікті құрамымен технологиясы жоғары соңғы өнімді ұсынатын «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ бастамашылық жасаған мұнай сортаменті құбырларын шығару жөніндегі жоба «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында пайдалануға енгізілген өндірістердің бірі болып табылады. «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ ArcelorMittal құбыр басқармасының құрамына кіреді және Қазақстандағы диаметрі үлкен болат құбырларды шығару және тотығуға қарсы қорғағыш бетін жасау жөніндегі жалғыз зауыт болып табылады. Қазіргі уақытта "ArcelorMittalTubularProductsAktau" АҚ мұнай-газ және су құбыр жолдарына арналған диаметрлері 457 мм.-ден 1420 мм.-ге дейінгі сапалы шиыршықты-тігісті құбырларды шығарады. Елбасының өзінің шақыруымен, «Қашаған» мұнай-газ кен орнына қажет жабдықты жеткізуді жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының  аумағындағы жұмысты ұйымдастыру үшін 2003 жылы «KEPPEL»сингапур компаниясының (қазір «СaspianOffshoreandMarineConstruction» компаниясы) шақырылғанын атап өту керек. Ол өз өндірістерін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында орналастырған және Аджип КСО Қашаған теңіз жобасында құрылғыларды салуды және қазақстандық аумақтық суларда кемелер жұмысына қолдау көрсетуді жүргізуде. Стратегиялық тұрғыдан, компания Ақтау портымен көршілес. Компанияның ауыр өнеркәсіптік құрылыс жобаларын іске асыру үшін теңіз инфрақұрылымына айрықша рұқсаты бар. Верфь қызметінің негізгі түрлері, буксирлер мен жабдықтау кемелері сияқты теңіз модульдерін, құрылымдары мен бұрғылау қондырғыларын шығару, жобалау, салу, түрлендіру және жөндеу шараларымен айналысады. - Қазіргі кезде іске қосылғалы отырған және алдағы жылдары жүзеге асырылатын ірі жобалар мен өндірістер туралы білсек? - Қазіргі кезде 5 өндіріс іске қосылған. Олардың қатарында «АрселорМиттал Тубулар Продуктс», «Кеппел Қазақстан», «Ақтауполимер», «ТЕСКО», «Ақтау шыны талшықты құбырлар зауыты» бар. Ал биылдың соңына дейін «КИС Ақтау», «КаспийТасЖол», «ДСК-Қараойқұрылыс» жобалары жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда «Ақтау Теңіз Порты» АЭА-да келісімге келгендердің жалпы саны 31-ге тең. - Жақында италиялық компаниялар АЭА аумағында өндірістерін орналастыруға мүдделі екендігі мәлім болған еді? - Ия, бұл компаниялар бүгінде қызығушылық танытып отыр. Италиялық «Тенарис Глобал Сервисез» компаниясы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болуға және құны 7,4 млрд. теңге болатын газогерметикалық  бұрандалы бөлшегі бар құбырларды шығаратын зауыт салуға дайын екенін мәлімдеді. Зауыт 1 жыл ішінде 45 мың тонна құбыр жасауға қауқарлы болмақ.  Қазіргі кезде Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы мәртебесін алу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу мен жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін зауыт салу үшін жер учаскесі бөлінеді. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында 90 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтқанда, жаңа технологияны пайдалану, кадрлардың білімін жетілдіру «Тенарис Глобал Сервисез» компаниясының басымдығы болып табылады. Зауыт өнімдері алдымен республикадағы сұранысты қамтамасыз етеді, олар ТШО, Аджип, Қарашығанақ кен орындарына жеткізілетін болады. Тағы бір италиялық «Пиетро Фиоринтини Қазақстан» компаниясы АЭА-да мұнай-газ құрылғыларын шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Инвестицияның жалпы көлемі 2,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Зауытты салу үшін қажетті жер учаскесін рәсімдеу аяқталып қалды. Кәсіпорын АЭА территориясында сорғы, компрессор, салқындатқыш және желдеткіш құрылғылар, клапандар, есептегіш машиналар және басқа да жабдықтар Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сияқты кен орындарына қажетті құрылғылар жасауды жоспарлап отыр. Дереккөзі: Қазақпарат