Маңғыстауда 14 млн-ға жуық тонна мұнай өндірілген

0
838

Маңғыстау облысында 9 айда 13,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 триллион 900 млн. теңгені құрады. Бір жылдың ішіндегі өсім 2,5 пайызды құрап отыр. Бұндай қарқын ең бірінші кезекте мұнай өндірудің тұрақты көрсеткішімен байланысты. Есепті кезеңде Маңғыстау облысында 13,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл былтырға қарағанда 2,7 пайызға артық», – деді облыс әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, өңірдің өңдеуші өнеркәсіптері айқын өсімге ие болып, 14,4 пайыздық динамикаға немесе 78 млрд. 800 млн. теңгеге шыққан. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары да қарқын алып, 418 млрд. теңгені құрап отыр.

«Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 9 айда 5 млрд. теңгеден асты. Ал өңірдегі инфляция деңгейі 6,1 пайыз дәлізінде тұр. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер көрсеткіші 102,7 пайызға артып, 32 мың бірліктен асты, жалпы бұл секторда 97 мыңнан астам адам қызмет етеді», – деді облыс басшысы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз