Маңғыстауда 60-тан астам жоба іске асырылады

0
570

Маңғыстау облысында индустрияландырудың екінші кезеңінде 60-тан астам жобаны жүзеге асыру көзделеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, Маңғыстау өңірінде ағымдағы жылы негізгі капиталға инвестиция ағынының өсімі 20 пайызға немесе 367 млрд. теңгеге жететіні болжанады.

«Бұл неге байланысты? Жауап белгілі: бұл индустриялық-инновациялық даму бағдарламаның нәтижесі. Мәселен, бағдарламаның бірінші бесжылдығында Маңғыстау облысында 160 млрд. теңгеден астам қаражатқа 23 жоба бекітілген болатын. Біз 2 мыңнан астам жұмыс орнын аша алдық. Биылғы жылдың өзінде 105 млрд. теңгенің 14 жаңа жобасын іске қоспақпыз. Бұның өзі 900-ден астам жұмыс орны ашылады деген сөз», – дейді өңір басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, индустрияландырудың екінші бесжылдығына маңғыстаулықтар үлкен үміт артады.

«Біз индустрияландырудың келесі кезеңінде экономиканың түрлі салалары бойынша 60-тан астам жобаны жүзеге асыруға ниеттіміз. Ал инвестицияның болжамды көрсеткіші 2 трлн. теңгені құрап, 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу болжанады», – деді А.Айдарбаев.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз