Маңғыстаудың үздік кәсіпкерлері марапатталды

0
938

Қарашаның  27-сі күні Ақтау қаласында «Табыс-2014» деп аталатын облыстағы өз саласының үздік кәсіпкерін марапаттау рәсімі өтті.

Байқау 15 номинациядан тұрды. Үздік кәсіпкерлерді марапаттау шарасына көрермендерге кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып, жәрмеңке ұйымдастырылды.  Сонымен биылғы жылдың  «Үздік жас кәсіпкер» атағын Фархат ӘБДІРАХМАНОВ жеңіп алса , «Мейрамхана бизнесі саласындағы үздік кәсіпкер» Жалғас БАЙТЕМІРОВ, «Медицина саласындағы  үздік кәсіпкер» Борис ШАГАЙ, «Білім саласындағы үздік кәсіпкер» Әдемі ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ  атанды. Ал  «Жылдың үздік бизнес идеясын»ұсынушы Надежда КАРАС болды. Сонымен қатар, биылғы номинациялардың біріне «Мүмкіндіктері шектелген тұлғалар арасындағы жылдың үздік кәсіпкері» жүлдесіне Болатбек ИМАНОВ лайық деп танылды. Шара барысында аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға атсалысқаны үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан ИЛЬМҰХАНБЕТОВА марапаттады.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз