Ақтауда аса ауыр қылмыс 52%-ға төмендеген

46ebae82c662dc8f01ba5d39fcd72fe0 Ақтауда аса ауыр қылмыс 52%-ға төмендегенін қала әкімі Жаңбыршиннің төрағалық етуімен өткен апталық жедел мәжілісінде қалалық  ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ақшауов мәлімдеді. Басқарма бастығының айтуынша, ағымдағы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша Ақтауда тіркелген аса ауыр қылмыс дерегі 52 пайызға төмендеген. Ал, өткен аптада қала аумағында 71 оқиға тіркеліп, 330 әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, мәжілісте қалалық төтенше жағдайлар және тұтынушылардың құқығын қорғау басқармаларының өткен апта бойынша есептері тыңдалды. Бұдан басқа, қаладағы коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің башылары өткен аптада атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Ақпарат көзі: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.