Бюджетке 43 млрд 460 млн теңге көлемінде салық түсімі тіркелген
2014 ж. 27 қазан
1708
0
Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Нысан Саматтың айтуынша, өткен аптада 72 оқиға тіркелген. Оның 51-і қылмыстық іс ретінде тіркеліп, кезекшілік кезеңде 64 пайызы ашылған. Бұдан басқа, 9 шұғыл іздестіру шарасы жүргізіліп, шара барысында осыған дейін ашылмаған 7 қылмыстың беті ашылған.
Қала әкімәнәі орынбасары Н.Аққұловқа жылу жүйесін жіті бақылауда ұстау қажеттігін айтып, аталған нысандардың жылу мерзіміне дайындығы туралы мәліметтерін толық алу бойынша шұғыл жиын өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, өткен жылы жылу жүйесінде өзекті мәселе тудырған 14 шағын аудандағы әлеуметтік нысандардың, бірқатар тұрғын үйлердің жылу қалыптылығын сақтау бойынша тиісті шаралар алынып, қатаң қадағалауға алынуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, Еділ Терекбайұлы есептік кезең бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы бюджеттің орындалысы туралы ақпаратты тыңдап, бюджет қаржысын игеру бағытында төмен көрсеткішке ие бірқатар құзырлы мекеме басшыларына сын-ескерту жасады. Қала әкімі бұл мәселе бойынша шұғыл түрде жұмыс күнінің соңында арнайы мәжіліс өткізетінін айтты.
Жиында қалалық салық басқармасының басшысы А.Тұмышева ағымдағы жылдың 24-қазан күніне Ақтау қаласы бойынша жергілікті бюджетке 43 млрд 460 млн теңге көлемінде салық түсімі тіркелгенін, жоспарлы көрсеткіш 114 пайызға, яғни, 8 млрд 43 млн теңгеге артық орындалғанын айтты.
Дереккөз: Ақтау қаласы әкімдігінің сайты