Каспий теңізінен 3 әзербайжандық браконьер ұсталды
2014 ж. 22 қазан
2422
0
Шекара қызметі «Жағалау күзетінің» шекарашылары түн мезгілінде Каспий теңізіндегі Құлалы аралының маңайында заңсыз балық аулап жүргендер үш әзербайжан азаматы мінген «Байда» шағын жүзу құралын ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жасанды жүзу құралы екі «Ямаха-150» және бір «Хонда-150» қозғалтқыштарымен жабдықталған. Тексере келгенде бортта сиымдылығы 50 литр болатын 5 бөшке, 200 литрлік 4 бөшке табылды. Браконьер балықшылардан 94 бекіре балығы, сонымен қатар жалпы ұзындығы 5000 метр болатын «каллада» деп аталатын браконьерлік балық аулау құралы тәркіленді.
Шекарашылардың тоқтау туралы талабына «балықшылар» құлақ аспағандықтан, қару қолдануға тура келген. Атылған оқтан ешкім зардап шеккен жоқ.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.
Дереккөз: Қазақпарат