
«ҚазТрансОйл» 9 айда 46 миллион тоннаға жуық мұнай тасымалдады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазТрансОйл» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.
«2013 жылы біздің компания Қазақстанда өндірілген мұнайдың 67 млн. тоннадан астамын тасымалдады. Бұл жалпы өндірілетін мұнайдың шамамен 60 пайызына тең. Ағымдағы жылдың 9 айында біз 46 миллион тоннаға жуық мұнай тасымалдадық», - деді ол.
Оның атап өтуінше, компания Атырау мен Маңғыстау облыстары үшін аса маңызды тұщытылған суды Астрахан-Маңғышлақ құбыры арқылы тасымалдап отыр.
«Бүгінде біз осы құбыр арқылы жылына 23 млн. текше метрге дейін су жеткіземіз», - деді Қ.Қабылдин.
Дереккөз: Қазақпарат