Мұражайда 500 жылдық ғұмыры бар моллюскалар ұсынылды
2014 ж. 21 қазан
2869
1
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тұңғыш рет 500 жылдық ғұмыры бар моллюскалар көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге 500 жыл бұрын өмір сүре бастаған полеозой дәуіріндегі теңіз жәндіктері қойылған.
Мұражай қызметкері Валерия Голубованың айтуынша, мұнда моллюскалардың екі тобы таныстырылып отыр. Олар: аммониттер (қазіргі наутилус) мен белемниттер (қазіргі сегізаяқ пен кальмарлардың арғы тегі).
«Осыдан 60 млн. жыл бұрын басталған кайназой дәуірінен бастап, Маңғыстау жері теңіз табаны болған. Сондықтан, экспонаттар ішінде көне теңіз мекендеушілері бар. Бұлардың кейбірі тұңғыш рет көрсетіліп отыр», - дейді В.Голубова.
Сүтқоректі және омыртқалы теңіз жануарларының ішінде мұнда шаяндар мен акулалардың тісі, ихтиозавр мен тасбақалардың сүйектері қойылған. Мұражай қорында барлығы 54 мыңнан аса экспонат бар.
Дереккөз: Қазақпарат