Маңғыстаудағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз
2014 ж. 21 қазан
3080
3
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың басынан бастап, жұмыспен қамту мекемелеріне 13 064 жұмыссыз хабарласты. Олардың ішінде 2750 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, 1997 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 286 жұмыссыз кәсіби даярлауға жолданды, 586 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, 643 оқу орындарының түлегі тәжірибеден өтіп жатыр, деп мәлімдеді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова.
«2014 жылдың 1 қазанына 3 424 жұмыссыз тіркелді. Есепке алынған жұмыссыздықтың деңгейі 1,2 пайыз құрайды. Жыл басынан бері 20 392 жаңа жұмыс орны құрылды, олардың ішінде өнеркәсіпте 2 973 жұмыс орны, құрылыста 3 753 жұмыс орны, транспортта 1 124 жұмыс орны, білім саласында 858 жұмыс орны, ауыл шаруашылығында 136 жұмыс орны, экономикалық қызметтің өзге түрлерінде 5 586 жұмыс орны ашылды.
Бүгінгі таңда облысымызда жұмыссыз халықтың саны - 14,8 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіштің 0,4 мың адамға төмендегені байқалады.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз (2013 жылы - 5,5 пайыз). Жұмыссыздық көрсеткіштеріне көз салсақ, олардың бірте-бірте азайып келе жатқанын көреміз. Бұл жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба береді деп сенемін», - деді Г.Қалмұратова басылымға берген сұхбатында.
Дереккөз: Қазақпарат