Ақтауда 2014 жылдың 8 айы ішінде қылмыстар 16 пайызға азайған

2014 жылдың 8 айы ішінде Ақтау қаласының аумағында жалпы тіркелген қылмыстар саны 2239-дан 1873-ке, яғни -16,3%-ғанемесе 366 дерекке төмендеген. Сонымен қатар, олардың 1077 дерегі (2013ж – 1225) тоқтатылған. Осыған сәйкес қылмыс санаттарына талдау жасайтын болсақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыс орталығында жасалған қылмыстардың аса ауыр түрлері - 62,1%-ға немесе -18 дерекке (29-дан 11-ге) төмендеп, қылмыстың ашылуы 4,4%-ға (2014ж.-81,3%; 2013 ж.-76,9%) өскен. Ақтау қаласы көлеміндегі ауыр қылмыстар саны -50,9%-ға немесе-177 дерекке (348-ден 171-ге) төмендеп, қылмыстың ашылуы 20,9%-ға (2014ж-65,7%; 2013 жылы-44,8%) өскен. Ауырлығы онша ауыр емес дәрежедегі қылмыстар саны қазіргі таңда 204 қылмысқа жетіп (2013ж-217) -6,0%-ға немесе -13 дерекке төмендеп, қылмыстың ашылуы 1,5%-ға (2014ж-49,8%; 2013ж-51,3%) өскен. Сонымен қатар, жыл басынан бері тіркелген 1873 қылмыстың 1077 қылмысы тоқтатылған болатын. Яғни тіркелген қылмыстың 57,5% үлесін алып отыр. Оның жеңіл және орта ауырлық дәрежесінен 1011 қылмыс, ал ауыр және аса ауыр дәрежедегілерінің 66 қылмысы тоқтатылған. Алынған дереккөзі - Ақтау қаласы әкімдігінің сайты.