Маңғыстауда цезийдің жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
2014 ж. 02 қыркүйек
1370
0
Радиоактивті цезий-137 бар контейнер Орал қаласынан Маңғыстау облысына қарай бет алған «КамАЗ» көлігінен тамыздың соңында жоғалған. Оқиға Сай-Өтес кентінен Шетпе кентіне дейінгі жол аралығында орын алған.
Бүгінде Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары радиоактивті затты іздеуде. Полицейлер салмағы 50-60 келі, биіктігі 30 см және диаметрі 20 см контейнерді тапқан адамға сыйақы беретінін хабарлады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 249 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Әлия Шермағанбетова.