Маңғыстауда шаруашылықтар қалпына келетін энергия көздерімен жұмыс істей бастайды
2014 ж. 04 қыркүйек
1795
0
Маңғыстаудың шаруашылық нысандары жел электр станцияларымен жабдықталады. Осы бағыттағы жұмыстардың алғашқысы да іске асты. Шетпе ауылынан 28 шақырымда орналасқан «Ханбекгүл» шаруа қожалығында автономды гибридті қондырғы орнатылды.
Жобаны іске асыруға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары қаржылай қолдау көрсеткен. Маңғыстау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарсмасы энергетика дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жантемір Жарымбетовтың айтуынша, болашақта балық шаруашылығы, мал шаруашылығы сынды кәсіпкерлік нысандарында жел электр стансаларын, гибридті құрылымдарды салу көзделген.
Шаруа қожалығына қазақстандық ноу-хау - Болотовтың жел роторлық турбинасы орнатылды. Бұл белгілі қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Альберт Болотовтың жаңалығы. Аталған конструкция желдің жылдамдығы баяу болған кезде де тоқ бере алады.
Маңғыстау өңірінде Болотовтың жел-күн роторлық турбинасын сатып алу мен орнату үшін 49 млн. 559 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта нысаннан 500 метр қашықтықта орналасқан қайнар көзден ауыз су тарту сорғысын орнату мәселесі де қарастырылып жатыр.