Маңғыстау дуальды білім жүйесіне көшеді
2014 ж. 05 қазан
1260
0
Маңғыстау облысында оқу орындары мен кәсіпорындар арасында байланыс орнату арқылы, дуальды білім беру жүйесі енгізіледі.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың осы өңірге сапасы кезінде, студенттерді жұмыспен қамтамасыз мәселесіне тоқталды. Г. Әбдіхалықованың айтуынша, оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы өзара қарым-қатынасты жандандыру қажет. Бұл дуальды білім беру жүйесінің жүйелі түрде енгізілу аясындағы негізгі жұмыстар.
Осы бастаманы іске асыру мақсатында, маман даярлау ісінде 19 мамандық бойынша 16 оқу орнында тәжірибелік-сынақ алаңын құру көзделген. Егер қажет болса мамандықты жан-жақты әрі терең кәсібилендіру мақсатында өзге өңірлердегі облыстармен арнайы меморандумдар бекіту керек.
Дуальды білім беру жүйесі — сапалы білімнің кепілі. Осы бағытта Маңғыстау облысында алғашқы қадамдар да жасалуда. Қыркүйек айының басында аталған жүйемен оқыту бойынша үш жақты келісімшартқа қол қойылған.
"Каспиан Оффшор Констракшн" ЖШС, «Ақтау тренинг орталығы» ЖШС және «АГЭ» ЖШС секілді компаниялар студенттерге практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік жасамақ. Компания өкілдері өз кезегінде осы келісімнің арқасында жергілікті кәсіпорындардың кадрлық әлеуеті жақсы мамандар арқылы күшейе түседі деген сенімде.
Дуальды білім жүйесінің Маңғыстаудағы басқа да техникалық және кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарына енуі жалғаса бермек.