Маңғыстауда аграрлық сала дамытылады
2014 ж. 01 қазан
1361
0
Маңғыстаудың шөлейтті аймақ екеніне қарамастан, өңірде агро өнеркәсібі дамытылатын болды.
Елбасы Н. Назарбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде, облыстың мемлекеттік қызметкерлерімен және инвесторлармен кеңес өткізген болатын. Отырыста белгілі болғандай, облыста Батыс Қазақстандағы ең ірі азық-түлік қоймасы салынады. Қойманың көлемі 4,2 гектарды құрайды. Жобамен Әзірбайжанның «Азерсун» холдингі айналысады.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың айтуынша, өңірдің климаттық жағдайына қарамастан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мүмкіндік бар. Елбасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мал азығын дайындайтын жем базасымен қамту мәселесін шешуді тапсырды.
«Азерсун» компаниясы өкілдерінің айтуынша, теңізге шығу мүмкіндігі берілсе, Маңғыстауда жем шығаратын фабриканы осы жерде салуға болады.
Әзірбайжандық капиталдың қатысуымен Ақтауда жүзеге асырып жатқан логистикалық орталық құрылысының жобасы арқылы Капийдің арғы бетінен өңірге арзан жеміс-жидек пен көкініс өнімдерін әкелуге мүмкіндік бар.
Айта кетелік, облыс ауылшаруашылық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуге әзірге қауқарсыз. Мысалы, Маңғыстау өңірі жылына 20 мың тонна ет тұтынады, ал өндіретіні 5,5 мың тонна ғана. Облыс көлемінде жылына 500 тонна балық ауланады, ал тұрғындарды толық қамтамасыз ету үшін 5 мың тоннадай балық қажет. Сол себепті, Елбасы өңірдегі аграрлық саланы дамыту мәселелерін кешенді түрде шешуді жүктеп отыр.